ШҚО-да «Достық үйінің» жұмысы жанданады
Шығыс Қазақстанда қазақ тілін үйрететін 100 орталық ашылады, деп хабарлайды 24KZ.
Сонымен қатар шекаралық аудандарда «Достық үйінің» жұмысы жанданады. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясында осындай маңызды шешімдер қабылданғаны туралы айтылды. Бүгінде өлкеде 8 Достық үйі жұмыс істейді. 74 этномәдени бірлестік бар. Аймақта этносаралық келісім бойынша мұқым елге үлгі боларлық жоба көп. Жастар және балалар театры, «Әжелер кеңесі», «Мектеп ассамблеясы» сынды ұжымдар өте белсенді. Отырыста ел бірлігі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтар марапатталды. Сонымен қатар облыстық Достық үйіне арнайы көліктің кілті табысталды.
Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:
- Шығыс Қазақстанның бір ерекшелігі, 8 ауданда достық үйі бар. Көп өңірде аудан көлемінде достық үйлері жоқ, Жамбыл облысында да сондай бар. Достық үйі бір бәрін тартатын, достықты көбейтетін нақты орталықтар, күш жігер десе де болады. Сондықтан әлбетте Шығыс Қазақстанның жақсы тәжірибесін біз өңірлерге тарататын боламыз.