Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады
Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы пайда болады.
Мәжіліс екі елдің үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялады. Құжат өзара достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісімге сәйкес, біздің елде де қытай мәдениеті орталығы ашылады. Мәдени нысандар әр тараптың мемлекеттік заңнамасына сәйкес, коммерциялық емес ұйым ретінде жұмыс істейді.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Мемлекет басшысының ҚХР-мен достық пен әріптестікке негізделген саясатының аясында қазір бірқатар үлкен бастамалар көтеріліп отыр. Бұл орталықтың консепциясы жасалып, мазмұны айқындалды. Атап айтқанда, ол жерде кинокөрсетілімдер мен концерттік қойылымдарға арналған көп функционалды зал, білім беру курстары, тренингтер, шығармашылық кездесулер өткізілетін арнайы кеңестігі бар коворкинг орталығы, еліміздің туристік әлеуетін көрсететін туризм бұрышы орналасатын болады.