А. Балаева театр қайраткерлерімен кездесті

Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева театр қайраткерлерімен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.

Басқосуда ТМД елдерінің V Жастар театры форумы сөз болды. Халықаралық мәдени шара режиссура, драматургия, сценография жəне театр саласындағы дарынды жастарды біріктірді. «Форум тек өнер байқауы емес. Ол мәдени қарым-қатынасты дамытып, шығармашылық байланысты нығайтады. Өнер жолын таңдаған дарынды жастардың танылуына мүмкіндік береді», – деді министр. Шара аясында 9 елден келген жас режиссерлердің қойылымдары ұсынылды. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Байқаудың нәтижесі 9 маусымда белгілі болады.

Матои Миура, режиссёр:

- Жастардың шығармашылық жұмыстарынан еркін ой мен батылдықты байқадым. Кейбір режиссерлер қойылымдарына еуропалық үлгідеге сахна көріністерін қолдануға тырысады. Оның да сәтті және сәтсіз шыққан тұстары болады. ТМД елдеріне ортақ тарих бар екенін білемін. Бірақ әр елдің өзіндік мәдениеті мен салты болады. Соны сахнада көрсетіп, көрермен ойына жеткізе білу – шеберлік.