«Қазақквартет» маусымды қорытындылады

Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартеті биылғы маусымның қорытынды концертін берді, деп хабарлайды 24kz.

Әсем ән, күміс күй төгілген кеш Астана Опера сахнасында өтті. Өнерпаздар әлемдік музыка мэтрлары Гайдн, Мендельсон, Шостаковичтің шығармаларынан тарту жасады. Бұдан бөлек, төл қазынамыз Құрманғазының «Төремұрат» күйін жаңаша өңдеп, патша көңіл көрерменге ұсынды. Квартет 1988 жылы Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің шәкірттерінен құрылған болатын. Жылдармен бірге жасасып, толысып келе жатқан дарынды ұжым бүгінде дүйім елге танымал.

Ернар Мыңтаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Осы маусым өте қызықты өтті. Шетелдік достарымызбен және қазақстандық музыканттармен біраз эксперименттер болды. Атап айтсақ, «Тұран» этноансамблімен. Сәтжан Шәменов сияқты. Шетелден музыканттар болды. Енді осы маусымның мәресі, бүгін нүктесі. Біз үшін бұл ерекше кеш.