Бутафор – сахна сұлулығын түзуші маман

Кез келген спектакльдің сәтті шығуына сахнадағы әртіс қана емес, тасада жүрген қаншама маман тер төгеді.

Әдетте көзге құпия боп қалатын кәсіп иелерінің бірі – бутафорлар. Иә, Астана Опера театрында осындай 11 шебер жұмыс істейді.

Ерзат Елішбаевтың мамандығы – суретші. Бірақ 10 жылдан бері Астана Опера театрында бутафор болып қызмет атқарады. Бұл – қолөнер мен бейнелеу өнерінің тоғысқан тұсы. «Бутафория маманы болу үшін  суретшінінің өткір көзі мен ісмердің епті қолы керек», – дейді шебер. Әр бұйымды түпнұсқадан айнытпай жасау маңызды. Өйткені тұтас қойылымның көркі осы титімдей дүниелерге байланысты. Мұндағы мылтық, қылыш,  әшекей бұйымның сан түрі шебердің қолынан шыққан.

Ерзат Елшібаев, бутафор цехының шебері:

- Қазан ошағы болады. Ер азаматтың бас киімі, сауыт, бәрін жасаймыз. Жігіттің бес қаруы дейді ғой. «Қыз Жібек» спектаклі болды ғой үлкен. Ол жерде қаншама массовка. 100 данадан 200-ге дейін найзалар болды, өйткені массовка үлкен қылып көрсету керек болатын. Спектакльдерде садақ атылуы керек, кейбір нәрселер жануы керек. Режиссерлер бізге сондай талап қояды.

Қазір цехта жұмыс қызу. Өтйкені алда премъера. Композитор Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсы сахналанбақ. Қойылымға 250-ге жуық бутафориялық бұйым қажет. Уақыт тығыз, жауапкершілік зор. Маңызды істің бел ортасында жүргендердің бірі – Гүлбарам Қапышева. Шебер қыз қажет болса, темірді де иеді, ағашты та жониды.

Гүлбарам Қапышева, суретші-бутафор:

- Мен кішкентай кезімнен атам ағаштан өзіне жақсы ертоқымдар, қамшылар жасайды. Мен ылғы қасында жүріп көмектесетінмін. Негізі қамшыға көмектесетінмін. Маған ұнайтын. Атамның арақсында қолөнер ұнап кетті деп ойлаймын.

Олар – сахна сұлулығын, тұтас атмосферасын түзуші мамандар. Ізденіс барысында іштей буырқанады, толқиды, тасиды...

Нұрболат Нұрманғалиев, бутафор цехының шебері:

- Біз бір затты қоқысқа лақтырар алдында да одан бір затты шығаруды ойлап тұрамыз. Мысалы, қаланың ішінде кездесіп қалады. Алып кетуге тырысып тұрамыз да. Шығарып тастайды ғой кейбіреулер. Бірақ біз материалын аламыз. Сондай бір дүниелер жасап жүреміз. Телефондар жасадық. Ішіндегі құрылысын аламыз да, содан зат жасаймыз.

Бүгінде театр қоржынында 22 опера, 25 балет бар. Оның көпшілігі көрерменнің оң бағасын алып үлгерді. Бұған цех мамандарының қосқан үлесі зор. Алайда көбіне өздері жасаған сұлулықтың тасасында қалып, шымылдықтың арғы бетінен үнсіз ғана тіл қатады.

Авторлары: Назерке Тоқжан, Ақылбек Есімсейітов.