Ыстамбұлда қазақтың халық әндері мен күйлері шырқалды
Ыстамбұлдағы қазақтар көп шоғырланған Зейтінбұрны ауданында ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ербол Алшынбай мен дәстүрлі әнші, айтыскер, қобызшы, сыбызғышы Бөкен Жігер жергілікті қазақтарға концерттік бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды 24kz.
Қазақ-түрік қоғамының ұйытқысымен өткен іс-шараға Ыстамбұлдағы қандастарымызбен бірге жергілікті әкімшілік өкілдері де қатысты. Шығармашылық кеште Ербол Алшынбай алуан тақырыптағы жырларын оқыса, Бөкен Жігер күмбірлеген домбырасымен халық әндерін шырқады. Сонымен қатар қобыз және сыбызғымен бірнеше күй орындап берді. Жергілікті қазақ өнерпаздары да өнерлерін ортаға салып, ән айтып, домбыра шертті.