Әке көрген оқ жонар

Шебердің қолы ортақ.

Түркістандық Абайхан Рыспаевтың ұл-қыздары әке жолын қуып, саз балшықтан түрлі сазсырнай мен сәнді құмыралар жасайды. Абайхан 40 жылдан бері керамикалық бұйымдар шығарады. «Балалар атадан мирас болған асыл өнерді таңдағанына қуанамын», - дейді.

Осы шикізатты дайындауды білсең, әрі қарай жұмысың жүреді. Лайдың сапасын жақсы етіп істеп алсаң, құмыраларың да жақсы шығады. 

Абайхан Рыспаев үйінен шағын шеберхана ашып алған. Күндіз-түні саз балшықтан түрлі бұйымдар жасайды. Балаларына сазды қалай дайындаудан бастап, керамикалық дүниелер жасаудың қыр-сырын үйретеді. 

Абайхан Рысбаев, шебер:

- Бірінші ортада ұстауды үйретемін. Кезең-кезеңімен үйретпесең алып кетуі қиындау. Құмыра істеп жатқанда жылдамдығына да мән беру керек. Бірінші доғалдап, көтеріп аламыз. Бұның барлығы жаттығу арқылы келетін дүние. Бірінші технолоиясын теория жөнінде үйретемін. Қалай ұстау керек екен. Біртіндеп үйреніп алады. Қалыңдығын сезініп отыру керек. Сурет салғандағыдай формасын сезіп отыру керек.

Шебердің бес қызы, бір ұлы бар. Екі қызы да қолөнер мектебінде керамика мамандығы бойынша оқушыларға сабақ береді. Қолы боста әкесінің шеберханасына келіп, түрлі кәдесыйлар жасайды. Ал ұлы Абылайхан мүсінші мамандығын бітірген. Түрлі тапсырыстарды орындап, өнерді кәсіпке айналдырған.

Ұлбосын Рыспаева, қызы:

Әкемнің қолдауы арқылы осы өнерге үйретіп, баулып, шығармашылық жұмыстарыма да қолдау көрсеткен өзімнің әкем, өзімнің ұстазым деп атйамын. Кейде күндіз демей, түн демей екеуіміз жұмыс істейміз. Тапсырыстар түседі, ол кезде де бірге ақылдасып, артымнан қызым өсіп келе жатыр. Қызыма да үйретсем деп ойлаймын. Бала нені таңдайды сол болады ғой. 

Абылайхан Рахымбердіұлы:

- Әкемнің өнеріне мен кішкентай кезімнен қарап жүремін. Таңертең кіріп қалсам құмыра, кешке кіріп қалсам құмыра, түнде кіріп қалсам құмыра жасап оытрады осы жерде. Әкемнің өнерін қазір керамика саласында жалғастырып жатырмын. Сазсырнай істеймін, құмыра жасай аламын. Мүсін жасаймын. Түркістан қаласындағы мүсіндерді жасауға атсалыстым. Осы өнерді алып кетуім керек мен. Маған осы берілген. Міндетім сол. 

Абайхан 40 жылдан астам уақыт керамикалық бұйымдар жасайды. Қолынан шыққан туындылары халықаралық бәйгелерде топ жарып, ЮНЕСКО-ның сапа белгісін жеңіп алған. Қазір шебердің құмыралары мен кәдесыйларына қызығушылық жоғары. Тіпті үйіне іздеп келіп тапсырыс беретіндер де көп. Оның ендігі арманы – асыл өнерді барынша ұрпағының бойына сіңіру. 

Абайхан Рыспаев, шебер:

- Бала көргенін үйренеді ғой негізінде. Осы салада жұмыс істеп жатқаныма қуанамын. Өнерімді жалғастырады деп ойлаймын. Әлі де құдайға жаспыз ғой. Ертең немеремізді, жиендерімізді үйретсек деген ой бар. Енді соған қадағалаймын. Жалғыз бала-шағама ғана емес, Осыған қызығып жүрген адамдарға үйретемін. 

Шебер ұзақ жыл қазреставрация саласына еңбек етіп, былтыр зейнетке шықты. Бірақ соған қарамастан әлі күнге колледж студенттеріне қолөнерді үйретіп жүр. Егер солардың арасынан ұлттық өнерге жаны ашитын мықты бір азамат шықса, сол менің жеңісім дейді. 

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш