Туған өлкені жаңаша насихаттау
Аружан Ражапова цифрлық сурет арқылы бүлдіршіндердің туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Өскемендік студент смартфонға телмірген кішкене балалардың санасын сергітіп, шаһардың көрікті жерін насихаттап жүр. Аружан салған сандық нұсқадағы альбомды бояп шыққан әр бала әдемі ғимараттарды бірден танып, ерекше әсер алады.
Цифрлық сурет альбомының сырына үңілген Аружан Ражаповаға қала көріністері қатты ұнайды. Сондықтан ескі ғимараттар мен үйлер, бақтар мен аллеялар, әдемі жерлердің суретін жиі салады. Университетке түсе сала осы салған дүниелерді цифрлық нұсқаға айналдыра бастады. Сөйтіп, жетекшісімен кеңесе отыра,үлкен жобаға кірісіп кетті. Қаланың көрікті орындарын сызбаға түсіріп, бояуға арналған парақшалар шығара бастады. Бұл Өскемен жайлы алғашқы альбомға айналды.
Аружан Ражапова, студент:
- Өскемен қаласында көрікті жерлер көп десе де болады. Балалар сол осы суреттерді бояу арқылы Өскеменде қандай әдемі жерлер бар екенін білсе болады және де бояп отырып, өзінің қалаға деген сүйіспеншілігін арттырса болады.
Жетекшісі Бақытжан Көпжасаров Аружаннан ақылын аямайды. Бояйтын парақшада қандай сурет болу керегін бірге ақылдасады.Өйткені бұл туындылардың сыншысы да, алғашқы тұтунышысы да бүлдіршіндер. Оларға әр шығарма үлкен әсер беру керек.
Бақытжан Көпжасаров, жоба жетекшісі:
- Өйткені адамдар сағынып қапты. Мұндай альбомның қажет екенін. Өйткені өскелең ұрпақ өсіп келе жатыр. Оны балабақшадан тәрбиелеу керек. Отансүйгіштікке және жақсы табиғи көріністерді көре білгенге, бұл қазақтың иісі шығып тұрған, өнім өкінішке орай, бұны отыз жыл күттік.
Мына Дамыту орталығының ұжымы Аружанның қолынан шыққан сандық суреттермен жиі жұмыс істейді. 4 жастағы Айсұлтан Эрдэм өзі бояған көріністерді бірден танып отыр.
Әзірге цифрлық альбомды Аружанның жеке сайтынан жүктеп, қолдануға болады. Ал болашақта балдырғандарды оқыту бағдарламасына енгізілуі де ықтимал.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов