Шымкентте Шәмшінің әндері насихатталды
Шымкентте Шәмші аллеясына барған тұрғындар енді, вальс королінің әндерін тыңдай алады.
Бұдан былай композитордың аты берілген саябақта таңғы 9:00-де Әнұран орындалып, әрі қарай түнгі 12-ге дейін есті әндер шырқалатын болады. Тұрғындар тарапы танымал әншілердің репертуарындағы «Өмір өзен», «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында» атты әндерді насихаттау оң бастама екенін білдірді. 5 гектар жерге әуен толық естілуі үшін 12 бірдей дыбыс зорайтқыш колонка орнатылған. Ал әннің реттілігі автоматты жағдайда ауысып отырады. Алдағы уақытта өзге 10 саябақ пен гүлзарларда да патриоттық әндер шырқалмақ. Осылайша ұлттық әуен шаһардың мәдени-рухани тыныс-тіршілігіне ерекше леп әкелді.
Күмісай Сәулембаева, қала тұрғыны:
- Бір керемет демаласың. Басқа саябақтарда да ойнап тұрса, әсіресе адам көп баратын жерлерде осы Шәмшінің әндері орындалып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Диас Әліқұлов, қала тұрғыны:
- Бұрынғы әндерде мағына көп сияқты қазіргі әндерге қарағанда. Бұрынғы әндердің сөзі жақсы, әні жақсы, мағынасы жақсы. Қазіргі таңда да айтып жүр көбісі. Естіп жүрміз. Жақсы ұнап жатыр.