29 маусымда «Хабар» арнасында «Бес жұлдыз» мегажобасының гранд финалы болады

29 маусым күні «Хабар» арнасында «Бес жұлдыз» мегажобасының гранд финалы болады, деп хабарлайды 24kz.

Көрерменнің көңілінен шыққан бірегей шоудың ақтық сайысы 19:00-де тікелей эфирде көрсетіледі. Осы жобаның тәлімгерлері мен сарапшылары «ХабарLike» бағдарламасында болып, өнер бәйгесі туралы ойларымен бөлісті. Жұлдызды қонақтардың жоба жайындағы пікірін тілшіміз сұрап білді.

Аршын Кемелжан, тілші:

- «ХабарLike»-тің төрінде Нұргүл Нұғыманова мен Диана Исмаил. Ән өнеріне жақын жандарға екі қыздың есімі де жақсы таныс. Бірі «Бес жұлдыз» мега жобасының сарапшысы, екіншісі тәлімгері. Әнші, продюсер Нұргүл Нұғыманованың айтуынша, «Бес жұлдыз» музыкалық қабілеті бар, жұлдызы жанбай жүрген жастарға арналған бірегей өнер бәйгесі.

Нұргүл Нұғыманова, әнші, музыкалық продюсер:

- Ал, мына жерде тек қана профессионалдар. Неге? Өйткені студияға барған, әндері бар жазған, шығармашылық мәдениет дегенді білетін адамдар ғана. Сол үшін, менің ойымша, бұл жерде жас жұлдыз нағыз метро жұлдыз болып ашылады. Және де осындай жобаның арқасында өз әндерімен бөліседі.

Халықтың жүрегінен орын алған талай әннің авторы әнші-композитор Диана Исмаилдың айтуынша, елімізде талантты жастар көп. Тек оларға дұрыс бағдар беріп, тәлімгерлік жасап бағын ашу керек. «Бес жұлдыз» осы шығармашылық іске ұйытқы болып отыр.

Диана Исмаил, әнші, композитор:

- «Бес жұлдыз» бағдарламасы жас таланттарды ашуға өте көп пайдасы бар. Себебі, ол үлкен мүмкіндік, үлкен сахна. Қаншама тәлімгерлер отырады, соның сынынан өзіне керегін алады деген сияқты. Сондықтан да бұндай жобалар көп болсын. «Хабар» арнасына үлкен рақмет. 29 күні бізде соңғы финал болады. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.

29 маусымда кешкі сағат 19.00-де «Хабар» арнасында «Бес жұлдыз» мега шоуының гранд финалы басталады. 15 бағдарламаның жеңімпаздары ақтық сайыста бақ сынайды. Үздік әншіні көрермен дауыс беру арқылы таңдайды.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Әбен Нарымбаев, «Хабар», «24.kz», Алматыдан