«Тұмар-2024» телебайқауының жеңімпаздары анықталды
«Тұмар-2024» Ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды.
«Хабар» арнасының тілшісі Григорий Беденко үздік тележурналист атанды. Осы сәтті пайдалана отырып әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жалпы биыл байқауға 300-ден астам өтінім келіп түскен. «Төтенше жағдай кезінде жасалған үздік репортаж» номинациясы қосылғанын да айта кеткен жөн. Осылайша үміткерлер 12 номинация бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздарға жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы табысталды.