Түркістанда күйді насихаттайтын байқау өтті
Түркі дәуірінен бері осы күнге дейін өзінің саф қалпын жоймай келе жатқан қазақтың бірден бір өнері болса – ол күй өнері.
Бұл ұлттық домбыра күніне орай Түркістанда өтіп жатқан республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауына қатысып жатқан домбырашылардың пікірі. Биыл Түркістан топырағында екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға еліміздің әр аймағынан 30 талантты күйші қатысып, бақ сынап жатыр. Іріктеуден өткендері екінші кезеңде қазақ ұлт- аспаптар оркестрінің сүймелдеуімен жеребе бойынша түскен 4 шығарманың бірін орындайды.
Назерке Сұлтанғали байқауға қатысушы /Алматы облысы/:
- Бүгінгі байқауға мен сүгір Әлиұлының «Бес жорға» күйін алып келдім және Төлеген Момбек атамыздың «Жайдары» күйін. Қазір ғана орындап шықтым. барлығы ойдағыдай сәтті шықты. Өзіме ұнады. Басқа байқаулармен салыстырғанда ол жерде басқа күйлер болады ғой. бұл жерде бірінші кезеңде тек шертпе күйлер ғана болды. Сол жағы ерекшелік деп ойлаймын. Екінші кезеңбе біз оркестрмен бірге қосылып ойнаймыз, мен соны асыға күтдемін.
Мұрат Әбуғазы, күйші, қазылар алқасының мүшесі:
- Домбыра күні дегенде кейде біз науқанға беріліп, 2 мың, 3 мың домбырашыны немесе шоуға айналдырып жібереміз. Олай емес, нақты өзінің табиғи, саф қалпында насихаттауымыз керек. күй өнерін әлемдік ЮНЕСКО қабылдаған кезде осы тұрғыдан насихаттауға баса мән берілген болатын. Сондықтан бұл байқаудың мақсаты қазіргі домбыра күніне толық жауап береді.