Сауалнама: елдегі үздік домбырашы кім?

Қай күйді ұйып тыңдайсыз? Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңайға соқпасы анық. Себебі әркімнің өзіндік талғамы бар. Дегенмен, 24kz түсіру тобы халыққа осындай сауал тастаған болатын. Назар аударсақ.

Блиц 1:

- Маңғыстау облысы бойынша мен үшін танымал – ол Абай Тілеупбергенов. Өйткені ол Маңғыстау өнер колледжін тәмамдаған домбыра мамандығында. Және де ол Құрманғазы орекстрінде дирижер боп саналады. Әлі де жеке орындаушылықта жүрген кісі.

Блиц 2:

- Республика бойынша, менің ойымша, Жәнібек Жәмиев жақсы домбырашы. Өйткені мен оның концертінде болғанмын. Менің ойымша, ол жақсы домбырашы.

Блиц 3:

- Республика бойынша маған Таңат Сәденов ұнайды. Себебі оның оң қол техникасы ұнайды. Ақтау бойынша Асылбек Дәулетияров деген күйшіміз бар. Ол кісінің домбыраны қалай сезініп ойнайтыны, күйді қалай жеткізетіні ұнайды маған.

Блиц 4:

- Айгүл Үлкенбаева күйлері өте ұнайды күйшілердің ішінде.

Блиц 5:

- Мен өзім Дина Нұрпейісоваға қарап, «Сарыарқа» , «Адай», «Дәулеткерей» солардың күйлерін тартып үйренген қызбын. Сондықтан да солардың ізін жалғастыруға үлесімді қосамын.

Блиц 6:

- Қазіргі жақсы күйшілерден Есекең Тұрысбековты атауға болады. Ал, баяғы ата-бабаларымыздан Дина, Тәттімбет.

Блиц 7:

- Құрманғазы, Қазанғап күйшілер көп. Бері қарай Мағауия Хамзин, Әбікен Хасенов және өзімнің досым Матай Әбуғазы деген жігіт жақсы шертпе-күйші.

Блиц 8:

- Шежіреге толы дана домбыраны ұлықтау әрқайсымыздың парызымыз деп білемін. Облысымыздың танымал күйшісі Мадияр Сүлейменов. Қазіргі таңда шәкірттерін тәрбиелеп жатыр.