Киелі орындарға экспедиция ұйымдастырылды
Ақтауда Каспий жағалауындағы киелі орындарға ғылыми экспедиция ұйымдастырылды.
Ғалымдар мен студенттерден жасақталған топ бір апта бойы Темір баба, Бектұрды ишан, Назаралы Әулие сияқты тарихи мекендерді аралады. Көне ескерткіштерге қашалған жазбалар мен құлпытастағы белгілерге зерттеу жүргізді. Өлкетанушы, этнограф Серікбол Кондыбайды еске алуға арналған ғылыми саяхаттың мақсаты - жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, құнды жәдігерлерді сақтауға шақыру, - дейді мамандар.
Зира Наурызбаева, мәдениеттанушы:
- 34 жыл бұрын ол дипломдық жұмысын «Маңғыстаудың туризм перспективасы» тақырыбында қорғаған. Сол заманда ол пәленбай экспедиция маршрут жасап қойды. Тарих, табиғат, әдемі жерлер, мәдениет, әулиелі жерлер.
Ақерке Сүндет, студент:
- Мені мифтер, аңыз-әпсаналар, әрбір жердің тарихы қызықтырды. Шынымен осы жерде туып өссек те бармаған жеріміз әлі де көп. Осындай сапарларға жиі шығып тұру керек. Рухани байып тұру керек. Қаланың қым-қуыт тіршілігінен бір уақыт алыстап тұру керек деп ойлаймын.