Композитор Латиф Хамидидің туғанына 118 жыл

Композитор Латиф Хамидидің туғанына 118 жыл
https://t.me/madenietaqparat

Латиф Хамиди көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды.

Солардың ішінде «Қазақ вальсі» жэне «Бұлбұл» туындылары композитордың атын танымал етті. Ол сондай-ақ патриоттық, тарихи такырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының қанат жаюы «Абай», «Төлеген Тоқтаров», «Жамбыл» операларынан да анық байқалады.

Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың, халықтық музыкасын жинаушы-этнограф жэне музыкалық оқулықтардың авторы ретінде калды.

1933 жылдан қазақтың халық әндері мен күйлерін жинап, нотаға түсіруге атсалысты. Абайдын немересі Әрхам Ысқақовтан ақынның «Айттым сәлем, Қаламқас», «Амал жоқ, кайттым білдірмей», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Желсіз түнде жарық ай», «Өлсем орным кара жер сыз болмай ма?», «Сұрғылт тұман» әндерін, Абайдың шығармашылығын жаксы білетін әншілерден «Сегіз аяқ» пен «Желсіз түнде жарық ай» әндерін, ал Әуезовтен «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әнін жазып алды. Сөйтіп, ол ақынның музыкалық мұрасын тұңғыш рет толық нотаға түсірді.

Композитор қазақтың жана музыкалық мәдениетіндегі Абай әндерінің игерілуі, опера жанрындағы ақын бейнесі жөнінде бірнеше мақала жазды. Бұл мақалалардың көпшілігі «Әндер, романстар, хорлар», «Балаларға арналған фортепианолық пьесалар», «Абай» операсы» деген кітаптарына енген.

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі