Елордада ірі шығармашылық хаб ашылды
Елордада алғашқы ірі шығармашылық хаб ашылды.
Хабқа бірегей этно-музей мен қолөнер шеберханасы кіреді. Мұнда қонақтарға заманауи арт-перформанс, музыкалық және әдеби кештер үшін трансформер зал, сондай-ақ заманауи өнер галереясы, театр алаңы мен ұлттық ойындардың смарт аймағы ұсынылады. Қуанышты жаңалықпен қала әкімі Жеңіс Қасымбек өз инстаграм парақшасында бөлісті. Хаб аумағында отандық кітап дүкені бар. Нысанды ашудағы мақсат - бәсекеге қабілетті заманауи өнерді дамыту, сондай-ақ дарынды және интеллектуалды жастарды қолдау.