Лаки Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақ КСР-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Лаки Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды деп хабарлайды 24kz.
Эстрада әншісі, әрі музыка педагогына құрметті орденді қала әкімі Ерболат Досаев табыстады. Ақжолтай ақпарды естіген ақсақал шын қуанғанын жасырмады. Профессор мұндай атақты күтпегенін, білікті музыка мамандарын дайындаудағы ұзақ жылдық еңбегінің бағаланғаны үшін еліне ризашылығын білдірді. 85 жасқа келген өнер өкілінің «Өтінемін, айтшы маған», «Сәттілік тілеймін», «Трики-трики», «Бүгінгі түн», «Ұлым менің», «Музыка сабағы», «Жылама, Мария» сынды көптеген әндері тыңдарманның көңілінен көңіл төрінен орын алған. Лаки Кесоглуды өнердегі достары, шәкірттері құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Лаки Кесоглу, мемлекеттік сыйлықтың иегері:
- Мен шығармашылығымды бақылап, жоғары бағалаған көрерменге алғыс айтамын. Кез келген өнер адамы үшін халықтың құрметі маңызды. Мен академиядағы эстарада кафедрасын құрып, ұзақ жыл жетекшілік еттім. Басты мақсат – эстрада әншілеріне мүмкіндік беру, білімін шыңдау. Менің студенттерім қазір танымал әртістер.