ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімі толығуы мүмкін

Үстірт платосы мен Маңғыстаудағы жерасты мешіттері дүниежүзілік ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін, деп хабарлайды 24kz.

Сол сияқты қазақтың салбұрын мен беташар сияқты дәстүрлері бұл тізімді толықтыра алады. Халықаралық ұйымның өкілдері қазір осы мәселе қаралып жатқанын хабарлады. Әзірге Қазақстанның 6 мәдени нысаны ғана ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған. Оның ішіндегі ең елеулісі Ахмет Яссауи кесенесі екені белгілі. Былтыр біздің ел ЮНЕСКО-ның 2027 жылға дейінгі дүниежүзілік мұралар комитетіне кірген еді. Қазақстанмен қатар Оңтүстік Корея және Түркия елдері комитеттің құрамына ілікті. Осы ретте үкіметаралық комитеттің ЮНЕСКО-дағы беделді де маңызды органы екенін айта кеткен жөн.

Жанар Шайменова, Қазақстанның ЮНЕСКО ісі жөніндегі ұлттық комиссияның бас хатшысы:

- Бұл комитет – мәдени мұралардың сақталуымен айналысатын әлемдегі басты органдардың бірі. Қазақстан үшін жаһанның өзге де 21 елімен осы комитеттің құрамына алынуы зор мәртебе. Өйткені дәл осы мемлекеттер дүниежүзіндегі мұраларды қорғау жөнінде маңызды шешімдерді қабылдайды