Шығыс Қазақстанда тарихи жәдігерлер табылды
Шығыс Қазақстан облысында қола монета, жебе ұштары және жібек сияқты көне заттар табылды, деп хабарлайды 24KZ.
Мамандар Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында археологиялық жұмыстар жүргізіп, осындай олжаға кенелді. Бұл аймақта 20-ға жуық ескерткіш табылып, оның 14-і қазылды. Нәтижесінде металлургиялық пункті бар ерте темір дәуірінің қонысы, XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қыстауы және 12 жерлеу орны анықталған. Сондай-ақ ерте сақ және көне түркі жылқы жабдықтары, қыш ыдыстар, пазырық мәдениетінің әшекейлері, ежелгі түркі дәуіріндегі белдік ілмек, қимақ кезеңіндегі қола төсемдер және монеталар сияқты әртүрлі тарихи жәдігерлер бар. Археологиялық зерттеулер 2024 жылдың соңына дейін жалғасады.