Өзбекстанда Абай күні аталып өтті

Ұлы ойшылдың 179 жылдығына орай әдеби кеш ұйымдастырылып, өскелең ұрпақ арасында оның рухани мұралары насихатталды, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір көрші елде қос халықтың мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында Абай мен Науаи шығармалары кең таныстырылып жатыр. Екі ел астанасында рухани қайраткерлердің еңселі ескерткіші орнатылған. Абай күні жергілікті қазақ мәдени орталығының қолдауымен ақын мұралары насихатталып жатыр. Жастар өлең оқып, өнерлерін көрсетті. Әрі спорттық сайыстарда сынға түсті. Кейін білім ошақтарына көркем шығармалар таратылды.

Нұргүл Олжабай, студент:

- Әдеби кешке қонақ ретінде келіп отырмыз. Оқушыларымыздың орындауында ән-жыр, өлеңдерді көрерменге ұсынып отырмыз. Мұнда Абай атамыздың меңгеріп жаттап оқитын оқушылар аз емес екен. Өйткені Абай атамыздың өлеңдерінде тәлім-тәрбиенің мол екені байқалып тұрады.