Жамбыл облысында жастардың өнер кеші өтті

Жамбыл облысында «Желсіз түнде жарық ай» атты жастардың өнер кеші өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Шара ұлы ақын, ағартушы Абайдың 179 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жасөркен ауылы маңындағы Талас өзенінің жағасына кешқұрым жиналған жастар ақынның қара сөздері мен шығармаларынан үзінді оқып, өлеңдерін жатқа айтты. Музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен Абай әндері шырқалды. Жас айтыскерлер ақынға арнауын оқып берді.

Айбек Қадыралиев, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:

- Бұл іс-шараның басты мақсаты – өнер сүйген облыс жастарын осы бір ортаға жиып, «Желсіз түнде жарық айдың» аясында өнерін ұлықтап, өлеңін, әсем әндерін, сондай-ақ күйлерін де орындап, өнерін әрмен қарай дәріптеу. Тек Абай күнінде емес, жалпы жастардың іс-шараларының барлығын осындай еркін түрде ерекше форматпен өткізу жоспарланып отыр.