Қытайда Абай рухына тағзым етілді
Абай күні Қытайда да аталып өтті.
Ұлы ақынның шығармалары мен еңбектері Бейжіңде дәріптеліп, насихатталды. Рухына тағзым етіліп, Абай оқулары ұйымдастырылды.
Ұлы ақынның ескерткіші Бейжіңнің ең көрікті саябақтарының бірі Чаоянға 2014 жылы орнатылды. Бүгінде бұл жер қазақтар жиі серуендеп рухани демалатын орынға айналған. Абай күнін мерекелеуге арналған іс-шара ойшылдың бюстіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұдан кейін мереке Абай оқуларымен жалғасты.
Әділет Жандарбекұлы, оқушы:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба!
Ойнап, босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз!
Даниал Бахтиярұлы, оқушы:
Біз достарымызбен Абай күніне келдік. Мен бүгін «Әсемпаз болма әр неге» осы өлеңді айтамын. Мен өте қуаныштымын Қытайда Абай өлеңін айтуға.
Жыл сайын қытайлық жұртшылықты Абайдың еңбектерімен таныстырып, оның шығармаларынан челлендж ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биылғы іс-шарада ғұламаның өлеңдерін оқушылар қазақ және қытай тілдерінде оқыды. Бейжің халық аспаптар оркестрінің әртістері күй орындап, Абайдың әндері шырқалды.
Арай Айдархан, әнші:
- Қазақ ұлты туралы концерт болып жатса, Абайдың әні міндетті түрде ол концертте орындалады. Абай әнінің мелодиясы да өте адамға бірден жақын келетін жан дүниесінен шығатын мелодия. Сондықтан сөзін түсінбеген көрерменнің өзі Абайдың әні шыққан кезде балқып кетеді.
Ду Юншоу, халықтық музыка баспасының бас редакторы:
- Бұл іс-шараның маңызы зор. Абай өлеңдері мен шығармалары қос тілде оқылып көпшілікке таныстырылып отыр. Бұл екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастың көрсеткіші. Қазақстан мен Қытай арасындағы достықты нығайта түседі. Біздің баспа мұндай басмаларды қолдап, әрқашан демеу көрсетуге дайын.
Бұл күнді атап өтуге бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары, мемлекеттік органдар, зиялы қауым мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Меймандарға хакім Абайдың жинақтары, оның қазақ философиясы мен әдеби тілді қалыптастырудағы ролі таныстырылды.
Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын