Абай күні Мәскеуде атап өтілді

Ұлы Абайдың туған күні Ресей астанасында да тойланды. 

Жергілікті қандастар мен Қазақстан елшілігінің қызметкерлері жыл сайын бұл күні Мәскеудің «Чистые пруды» саябағында ақынның ескерткішіне гүл қойып, кемеңгер бабамыздың рухына тағзым етуді дәстүрге айналдырған. Биыл да «Абай оқуларына» қоғам қайраткерлері, Ресейде жүрген қазақстандықтар, қандастар мен Абай шығармашылығын сүйетін қауым жиналды. Жиналған жұрт Абайдың қара сөздерін, өлеңдері мен әндерін айтып, ақынның Пушкин мен Гете аудармаларынан үзінділер оқыды. Мәскеудегі Абай ескерткіші 2006 жылы, 160 жылдық мерейтойында Қазақстан елшілігі маңайында ашылды.

Айшат Байғазиева, Мәскеудегі Қазақ ұлттық-мәдени автономиясын басқарушы:

- Абай бір өлеңінде айтқан, өмірдің ең қызығы бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім демекші, біз әрқашан ұрпағымызды өнерге білмге ынталандырып, Абай атамыздың туған күнінде осы жерге келіп, өлең айтып, домбыра тартып, тойлап жүреміз.

Мадияр Жұмабеков, ММУ-де тағылымдамадан өтуші:

- Абайдың өлеңдерін Мәскеу төрінде қандастардың басын біріктіріп оқу біздің ұрпақ үшін маңызды. Сыртта жүрген қазақтардың басын біріктіріп, Абайдың өлеңдерін насиахттау келешек ұрпақ үшін маңызды.