«Яшлык» тобына елу жыл толды

«Яшлык» вокалды-аспапты ансамблінің құрылғанына 50 жыл толды.

Қазақ эстрадасына шығыстық нақышпен енген топтың әндері көпшілікке кеңінен танымал. Ансамбль талай халықаралық байқауларда лауреат атанды. Олардың әндерін аға буын да, бүгінгі жастар да жақсы біледі. Жартығасырлық мерейтойға орай биыл күзде Алматыда концерт беруді жоспарлап отыр.

Музыкалық топ 1974 жылы сәуір айында құрылған. Ол уақытта вокальді-аспаптық ансамбль құру оңайға соқпады, - дейді шығармашылық ұжымның солисі әрі негізін қалаушы Мұрат Ахмадиев. Ялла және Дос-Мұқасан ансамбльдерінің тәжірибесін зерттепті. 

Мұрат Ахмадиев, «Яшлык» ансамблінің негізін қалаушы, ҚР халық артисі:

- Бірінші концерттер қиын болды бізге. Білмейміз біз, эстрададан хабарымыз болмаған. Бірінші рет қолымызға алып. Бірақ ақырындап, ақырындап профессиональный ансамбльге жеттік қой. 

Ұзақ әрі тыңғылықты дайындалған соң алғашқы концерт ұйғыр театрының сахнасында өтеді. Осы уақыттан бастап «Яшлықтың» бағы жанады. Әсіресе эстрадаға бейімдеп айтқан ұйғырдың халық әні «Аппақ қонядар» әні тыңдарманның ыстық ықыласына бөленеді. 

«Аппақ тышқандар» әні 

Содан бері бұл ән ансамбльдің төлқұжатына айналады. Қай жерге бармасын тыңдармен осы әнді сұрайды екен. Топтың әншісі болған Кахраман Именов шығармалардың барлығын дерлік өзіміз жаздық,-дейді. Ансамбль сондай-ақ қазақтың, өзбектің және үндінің халық әндерінде шырқаған. 

Кахраман Именов, «Яшлык» ансамблінің әншісі:

-  Оңай ешнәрсе жоқ екен. Күн, түн демей еңбек еттік. Театрларда түнеген кездерімізде болды. 50 жыл өте шығыпты. Республиканың облыстарын аралап, күніне 3 концерттен бердік. Демалуға уақыт болмайтын.

«Яшлыктың» мүшелері бірнеше рет ауысты. 1994 жылы топтың барлық жұмысын алғашқы құрамдағы әнші-музыканттардың балалары қолға алады. Осылайша ұрпақтар сабақтастығын жалғап келеді. 

Дильшат Ахмадиев, «Яшлык» тобының әншісі:

- Ылғи әкелерімізбен гастрольге шығып жүрдік. Барлығымыздың музыкалық біліміміз бар. Есейгенде игі бастаманы біз жалғастырайық деп шештік. Сонау 1994 жылдан бері топтың барлық жұмысы өз мойнымызда. Болашақта балаларымыз, немерелеріміз «Яшлыктың» отын өшірмейді деп үміттенеміз. 

Қазір солистер күзде болатын концертті қалай өткіземіз деп ақылдасу үстінде. Жартығасырлық мерейтойға орай бұрынғы құрам мен қазіргі әншілер бір сахнада өнер көрсетеді. Тыңдармандардың сүйікті әндерімен қатар жаңа шығармаларды да орындайды.

Гүлжан Көленқызы, Наргиза Такежанова, Сұлтан Бейсекенов