«Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасы аясында кездесулер өтті

Жамбыл облысында «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Аталмыш бағдарлама аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары республикалық Дүнгендер этномәдени бірлестігінің, Тараздағы өзбек орталығының төрағаларымен, аудан әкімдіктері және Жамбыл облысы полиция бөлімінің басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Жиында спикерлер жобаның мақсатын айқындап, ұлттық құндылықтарды насихаттау мен сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мәдениетін, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға баса назар аударды.