Ана тілімізді үйреніп, мәдениетімізді зерттеп жүрген мажарлар көп

Туыстас жұрттың ішінде елімізден ең қашық орналасқаны – Мажарстан. Кәрі құрлықтың қақ ортасын мекендеген бауырлас халық қазақты жақын тартады, деп хабарлайды 24kz.

Осыдан болар, біздің ана тілімізді үйреніп, мәдениетімізді зерттеп жүргендері көп.

Меруерт Қанағат, тілші:

- Мадиярлар Қазақстанды өздерінің ата-жұрты санайды. Сол себепті, алыстағы ағайынның қазақ мәдениетіне деген қызығушылы мол. Еуропадағы ағайын қазақтармен туыстығы туралы алғашқы пікірлерін ХІХ ғасырда жариялай бастаған. Әсіресе қос елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына Мандоки әулетінің қосқан үлесі зор.

Мақсымқызы Мандоки, этнограф:

- Біздің осы Мажарстандағы қазақ тілі, қазақ әдебиеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тарихы және әуені, музыкасы, ұлт аспаптарын үйренуді осы Лакителектен бастадық. Лакителекте ұлттық институт деген бар. Негізгі басталуы 2008 жыл. Лакителектің қолдауымен, Лежан Шандур мырзаның, ол кезде ол парламентте спикер болды. Сол кісі өзінің енді шығысқа деген туыстығы білдіру үшін және ол кезде үкімет басында тұрғанда шығыс халқы мен мажар халқының туыстығын жалғастыру және мажарлардың ұмытылып қалған дәстүрін, әдет-ғұрпын, қолөнерін, әуенін, домбырасын, музыкалық аспаптарын үйренейік деп ойлағандар осындай ойға келіп, Лакителекті жастарды үйрететін Мандокиді оқулықтарының курстарын ашқан.

Лакителек ұлттық институты жылда елдің әр түкпірінен келген студенттерге қазақ мәдениеті жайлы арнайы апталық ұйымдастырады. Бұл дәстүр биыл да өзгерген жоқ.

Такач Ноэл, студент:

- Мажарстанда тарих факультетінің студентімін. Бір семестр Қарағандыда білім алдым. Тағы да атажұртқа баруды армаймын.

Бенедек Тибор, студент:

- Қазақ мәдениетіне ғашықпын. Сол себепті үйренуге бел будым.

Биылғы қазақ мәдениеті апталығына 20 адам қатысып отыр. Олардың бірі қазақ тілін бір кісідей меңгерсе, екіншісі домбыра, қобызбен күй тартады.

Хусти Золтан, студент:

- Менің есімім Сұлтан. Қыпшақпын. Жирен шашты. Ат күйін тартып беремін.

Фехер Богларка, Қазақ-түрік университеті түлегі:

- Қайырлы күн. Сіздерге бүгін мен мажар болып, қазақ аспабында ойнап, қазақ халқы мен мажар халқынан бір жиын орындап берейін.

Мажарстанда түркі тілдерінің ішінде, әсіресе қазақша білетіндер аз емес. «Мұны екі тілдің бір-біріне жақындығы себеп» дейді өздері.