Алматыдағы гимназияға «Әлем бейнесі» картинасының көшірмесі табысталды
Алматыдағы Ораз Жандосов атындағы №105 гимназияға Гиннестің рекордтар кітабына енген «Әлем бейнесі» картинасының көшірмесі табысталды, деп хабарлайды 24KZ.
Ол – World Painting халықаралық әлеуметтік арт-жобасына қатысушылардың туындысы. Туындының көшірмесін ұсынған авторлар – Даут Шайхисламов пен Дана Орманбаева.
Жарты ғасыр бұрын ашылған мектепте қазір 2600 оқушы бар. 1996 жылы гимназия ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектебі мәртебесін алды. Білім ошағы оқушыларды халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялауды мақсат тұтады.
Әлия Сандықбаева, №105 мектеп-гимназия директоры:
- Бұл сурет әлемді шарлады. Картина бейбітшілік, ынтамақ пен бірлік сақталсын деп салынған. Қоғамды ізгілендіру, халықтар арысындағы мәдени әрі рухани қарым-қатынасты нығайту идеясы ЮНЕСКО негізгі даму бағдарламасына жатады. Осы түсінікті оқушылардың санасына сіңіріп, тәлім-тәрбие беруге тырысамыз.