Қазақ режиссурасындағы айқын тұлға
Осы күзде алты алаш үшін ардақты дата бар. 2-ші қыркүйек – театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің туған күні.
Қазақ режиссурасындағы айқын тұлға
Қоғам қайраткері 30 жылдан астам уақыт әкем театрда қоюшы режиссер, директор, бас режиссер қызметтерін атқарды. Осы жылдар ішінде 150-ден астам театр қойылымдарын дайындады. Ал Шыңғыс Айтматовтың "Ана – Жер-ана" шығармасы желісінде сахналаған спектакль үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
Сондай-ақ дәл осы жазушының "Ғасырдан да ұзақ күн" тундысын Мәскеу академиялық театрының сахнасына алып шықса, Мұхтар Әуезовтің "Абайын" өзбек театрының сахнасында қойды.
Ол көпшілік жүрегінен кең орын алған "Ән қанатында", "Қан мен тер", "Жаушы" шығармаларын көркем таспаға түсірді. Қазақстан кино және театр өнерінің алтын қазынасына баланған осы бірегей еңбектері үшін 2000 жылдары "Халық қаһарманы" атағы берілді.
Ауыл кітапханаларына Президент атынан көркем әдебиеттер табысталды
Еліміздегі 100 ауылға Мемлекет басшысының атынан көркем әдебиеттер табысталды.
Баға жетпес тарту "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" акциясы аясында өтуде. Олардың арасында әлем және қазақ әдебиетінің жауһарлары, комикстер, қазіргі заман проза мен поэзиясы, тарихи-танымдық бағыттағы ағартушылық басылымдар бар. Барлығы 10 мың кітап сыйға тартылды.
Мұндай игілікті бастама өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталып отыр. Жалпы, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызын Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда тілге тиек еткен болатын.