Димаштың испаниялық жанкүйерлері Көшпенділер ойындарына келе жатыр
Димаштың испаниялық тыңдармандарды Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келе жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Әлемге әйгілі әншіміздің 13-14 қыркүйекте өтетін концерттері дүбірлі додамен тұспа-тұс келіп отыр. Осыны пайдаланған 50 шақты испан азаматы топ болып Қазақстанға саяхаттауды жоспарлаған. Қазақ тілін үйренуді бастап, қазақша ән шырқап жүрген Димаштың жанкүйерлері Көшпенділер ойыны арқасында Қазақстанды өз көзімізбен көріп, төл мәдениетімен танысамыз деп үміттенеді.
Йоланда Гарсия, Димаштың тыңдарманы:
- Димашты бір көргеннен ұнатып қалдым. Өнеріне, тәрбиесіне сондай тәнтімін. Қазір Димаштың Испаниядағы фанклубының белсенді мүшесімін. Оның концерті Көшпенділер ойынымен қатар өткелі жатқаны сондай жақсы болды. Қазір жарыстың ашылу салтанатынан, жабылуына дейін билет алып тастадық. Бір жағы, жерлестерімізге жанкүйерлік танытамыз.
Бэнни Мартинес, Димаштың тыңдарманы:
- Осы жасыма келгенше Димаш сияқты талантты адамды көрмеппін. Енді оның арқасында Қазақстанды көріп қайтатын болдым. Бұл Димаштың мәдениетімен, қазақ мәдениетімен танысудың жақсы мүмкіндігі болғалы тұр. Жылқыға қатысты барлық сайыс пен садақ атуды тамашалағым келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Испания құрама командасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына биыл бірінші рет қатысқалы жатыр. Корольдік спортшылары биылғы додада асық, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, садақ ату, құсбегілік, зілтемір мен авари сайыстарында жүлдеге таласады.