Мәдениет және ақпарат министрі Санкт-Петербургте ресейлік әріптесімен кездесті
Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Санкт-Петербург халықаралық біріккен мәдениеттер форумы аясында ресейлік әріптесі Ольга Любимовамен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Басқосуда тараптар шығармашылық мамандық өкілдері үшін біліктілікті арттыру бойынша бірлескен курстар, креативті индустрияда ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірыңғай жоспарды жүзеге асыру жағын талқылады.
Дана Нұржан, тілші:
- ЮНЕСКО деректері бойынша креативті индустрия бүгінде әлемдік ЖІӨ-нің 3%-ін құрайды. Санкт-Петербург форумы аясында өткен екіжақты кездесу аясында еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдеріміз арасындағы ынтымақтастық ,оның ішінде мәдениет саласында жемісті әрі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанның шығармашылық ұжымдары Ресейдегі ірі жобаларға, байқауларға, фестивальдерге тұрақты түрде қатысып жүр. Жыл соңына дейін Мәскеуде «Астана Опера» театрының гастрольдік сапарларын, сондай-ақ бірқатар ресейлік театрлардың елімізге гастрольдерін ұйымдастыру жоспарда бар.
Валерий Күзембаев, «Astana Ballet» директорының орынбасары:
- Бізде өте қызықты репертуарларымыз бар. Қойылымдарымызға әлемдік балет өнерінің жұлдыздары қатысады. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз. Солистермен алмасуды жоспарлап отырмыз. Біздің спектакьдерде Ресейдің танымал әртістері өнер көрсетеді.
Аида Балаева ресейлік әріптесіне біздің елдердің аудиториясын ерекше қызықтыратын бағыттар бойынша алдағы екі жылға арналған Бірыңғай жоспар дайындауды ұсынды. Атап айтқанда, театр, мұражай, мұрағат ісі саласында. Тараптар бірқатар шығармашылық мамандық бойынша білім беру гранттарын бөлу мүмкіндігін талқылады. Министр, сондай-ақ, музыкалық аспаптарды қалпына келтіру, жөндеу, мұражай ісі сияқты бірқатар бағыт бойынша шеберлік сағаттары мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жағын қарастыруды ұсынды.
Айбек Сыдықов, ҚР Ұлттық мұражайы директорының міндеттерін атқарушы:
- Ресеймен Жапониямен Түркиямен және Қытаймен бірлескен жобаларымыз туралы айттық. Ол жерде бізде ғылыми бағыттағы жұмыстарымыз. Соңғы жылдары ұттық музей археологиялық этногррафиялық экспеиция сияқты жүзеге асырып отыр.Бұл бір жағынан жаңадан табылған есерткіштерді тізімін нақтыласа екінші жағынан музейдің қорын толықтырып отыр. Бұл жобаның біз үшін маңызы зор.
Мәдени өзара іс-қимыл аясында биыл күзде Астрахань мен Қазан қалаларында «Қазақконцерт» ұйымының гастрольдерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Авторлары: Дана Нұржан, Шахзод Гамиров