Елордада KITAPtime фестивалі өтті
Елордада үшінші рет «Кітаптайм» фестивалі өтті.
Шара аясында "Сезімдер сөйлегенде... " деген атаумен кездесу ұйымдастырылды. Мұнда астаналық ақындар бас қосып, өлең оқыды. Фестивальдің өтуіне мұрындық болған тарап ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттауды көздеген.
Айжан Тәбарак, ақын:
- Осымен үшінші мәрте республикалық деңгейде «Кітаптайм» фестивалі өтеді жыл сайын. Соның аясында ақындардың басын қоссақ деп әдеби сазды кеш ұйымдастырдық. Оған Астанадағы белгілі ақындар қатысып, өз өлеңдерін оқып жатыр. Сол себепті кештің атын «Сезімдер сөйлегенде..» деп қойдық.
Шара барысында ақын-жазушы Қанат Омар шетелдік жазушылармен онлайн байланысқа шықты. Олар бүгінгі әдебиеттің ахуалын сөзге арқау етіп, Қанат Омардың шығармашылығы жөнінде пікірлерін білдірді.