Қазақстандық режиссердің «Бауырына салу» фильмі Oscar сыйлығына ұсынылды
Қазақстандық «Бауырына салу» атты фильм «Оскарға» ұсынылды.
Режиссер Асхат Кучинчирековтың туындысы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлықты иеленді. Ал Оскар комитетіне «International Feature Film» номинациясы бойынша ұсынылып отыр. Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 2025 жылы 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады.