Алматыда мүсінші Естай Дәубаевтың жеке көрмесі ашылды
Зердем өнерімде.
Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде мүсінші, зергер әрі ұста Естай Дәубаевтың жеке көрмесі ашылды. Оған қолөнер шеберінің 200-ге жуық жұмысы қойылды. Әшекей бұйымдардан бастап, қару-жарақ, мүсіндік-зергерлік композиция мен паннолық туындыларды тамашалауға болады. Естай Дәубаев Түркістан қаласындағы «Қазақ хандығы» монументінің авторы. «Бөрілі байрақ» мүсіндік композициясы мен «Асатаяқ» коллекциясын да жасаған. Көрмеде шебер алғаш рет Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы болған Күлтегіннің мүсінін жасап көпшілікке ұсынды. Оның әрбір жұмысы тарихи нақты дереккөзге негізделіп жасалған. Сондай-ақ шарада «Металдарды көркемдеп өңдеу» және «Ұсталық және зергерлік өнер туындылары» кітаптары таныстырылды. Экспозиция осы айдың соңына дейін жалғасады.
Естай Дәубаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Көрменің атауы өзі өзі айтып тұр Зердем өнерімде. Ол дегеніміз менің ішкі дүнием. Жан дүнием өнерімде. Мұнда миллион-миллион қаржы жұмсалған заттар бар. Біреуінің мағынасымен, біреуінің уақытымен, біреуінің көркемдігімен, біреуі материалдық құндылығымен ерекшеленеді.