Қазақквартет жаңа маусымын ашты

Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті тыңдарманмен қайта қауышты.

Маусымашар концерт елордадағы Астана Опера сахнасында өтті. Елімізге белгілі өнер ұжымы классикалық музыканың атасы саналатын Бетховин, Шостакович сынды бірегей тұлғалардың туындыларынан тарту жасады. Кәсіби әртістердің орындауындағы сырлы саз тыңдарман жүрегін түрлі сезімге бөледі. Квартеттің алғашқы құрамы 1988 жылы Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің шәкірттерінен жасақталған еді. Жылдарымен бірге жасасып, толысып келетін ұжымды бүгінде дүйім жұрт таниды. Қоңыр күздің кешінде әуелеген классикалық музыка мерекесі көпшіліктің көңілінен шықты.

Ернар Мыңтаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл шығармалар әлемдік сахналарда орындалып жүр.  Біздің тыңдармандарға бұл шығармаларды біз демалыстан шыға сала дайындадық. Өйткені мұндай күрделі шығармалар өте сирек орныдалады. Сондықтан мен ойлаймын бұл ерекше кеш. Енді дәстүр бойынша концертіміздің аяғында өзіміздің әйгілі «Дудар-ай» деген өлеңді орындаймыз. Музыканы іздеп осындай рухани азық іздеп келген тыңдарманға үлкен сый.