Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяның кино саласындағы тәжірибесімен танысты
Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның кино саласының өкілдері өзара тәжірибе алмасты.
Пусанға Алматыдан актерлар мен продюсерлер келді. 6 күн ішінде қазақстандықтар киноөндірістің қала экономикасына қосар үлесі туралы ақпараттарға қанықты. Өндірісті көрді. Алматылықтардың тағылымдамадан өтуі 2022 жылдың қыркүйегінде Пусан қаласының әкімдігі мен Алматы әкімдігі арасында қол қойылған достық пен ынтымақтастық туралы келісім аясында өтуде. Шараны Пусан жаһандық кала қоры мен еліміздің осы қаладағы Бас консулдығы ұйымдастырып отыр. Оқыту бағдарламасының соңында қатысушылар Қазақстан мен Корея арасындағы киноиндустрия саласындағы ынтымақтастық жоспарын ұсынбақ.
Ён Гён Сим, Пусан жаһандық кала қорының бөлім басшысы:
- Пусан тұрғындарын Қазақстанның мәдениетімен таныстыру маңызды, сондықтан біз киноиндустрия өкілдерін шақырдық. Өйткені олар мәдениет арқылы бизнес пен индустрияның дамуына үлес қоса алады. Пусан корей киносының астанасы және кино мәдени ғана емес, сонымен қатар экономикалық рөл атқарады, қаланың дамуына өз үлесін қосады. Біздің тәжірибеміз Қазақстанға осы салада табысқа жетуге көмектеседі деп үміттенеміз.
Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
- Мысалы, нетфликсті алатын болсақ жалпы кинотеатрда болып жатқан кинолары туралы айтатын болсақ жалпы Корея қазір алда келе жатыр. Сондықтан да үйренетініміз бар. Қалай ұйымдастырылады. Жалпы үкіметпен өнер қалай бірге жұмыс істейтінін көп көру керек алу керек.