Атырауда қолөнер шеберлерінің республикалық фестивалі басталды

Атырауда Жошы ұлысының 800 жылдығына орай «Шебер FEST-2024» республикалық қолөнершілер фестивалі басталды, деп хабарлайды 24kz.

Ұлттық рухани құндылықтарымызды дәріптеуді мақсат еткен шараға елдің түкпір-түкпірінен 30-ға жуық шебер қатысуда. Көрмеге қазақ колөнерінің жауһарлары саналатын: текемет ою, түрлі картиналар, әшекей бұйымдар және ұлттық аспаптар мен ыдыстар қойылған. Еліміз егемен атанғалы ұсталық өнер саласы зерттеліп, заманға сай өз бағытымен дамуда. «Атадан балаға  мұра болып жеткен осы асыл өнерімізді өскелең ұрпаққа танытып, насихаттау – әр азаматтың борышы», - дейді ұйымдастырушылар.

Әбіл Жоламанов, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

- Қолөнершілер фестивалін тек қана осы жыл ғана емес, жалпы жылма-жыл өтіп тұратын дәстүрлі фестивальге айналдырғымыз келеді. Біз осы арқылы Мемлекет басшысының өзі ұсынып отырған креативті индустрияны, экономиканы дамыту деген міндетті орындар едік.