Талдықорғанда Ә.Қастеевтің 120 жылдығына орай кәсіби суретшілер байқауы өтті
Жетісу облысында Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойы жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы әйгілі кескінде-меші туып-өскен Шежін ауылында кәсіби суретшілердің пленэрі өткізілді. «Күз бейнесі» тақыбырындағы байқауға елдің әр аймағынан 17 қылқалам шебері қатысты. Олар майлы бояуды қолдана отырып, таудың әсем көрінісін, табиғат сұлулуығын кенеп бетіне түсірді. Картинаның ұзақ уақыт сақталуына ықпал ететін әдісті кезінде Әбілхан Қастеевтің өзі де қолданған деседі. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған тұлғаны ұлықтау мақсатында Талдықорғанда ескерткіш тұрғызылды. Жаркенттегі көркемсурет галлереясы жаңғыртылып, көшпелі көрме ұйымдастырылды. Байқау сол ауқымды шаралардың қорытындысы іспетті.
Бақыт Ахметов, қылқалам шебері:
- Жұмыс жасаған жерін фотосуреттен таптық. Қай жерде отырды. Мына алдымызда тұрған, соны бейнелеп жатырмын. Ақтекше деген төбе, Бәйгетөбе дейді екен. Осы жерде Қастеев атамыз ешкі бағып, қой бағып жүрген екен.