Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтіп жатыр

Елде Арменияның мәдениет күндері өтіп жатыр.

Екі күн бойы көпшілік назарына түрлі мәдени іс-шаралар ұсынылады. Кеше елордадағы Қаллеки театрында Армения мемлекетінің джаз оркестрі өнер көрсетті. Сондай-ақ дәл осы өнер шаңырағында белгілі кинорежиссер, сценарист Сергей Параджановтың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Ал еліміздің ең кішкентай тұрғындары үшін Астанадағы кинотеатрлар желісінде шетелдік мамандар түсірген мультфильмдер тегін көрсетіледі. Ересектер де бұл күндері Арменияның кино саласындағы жаңа туындыларын тамашалауға мүмкіндігі бар.

Мерей Тілеуханұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті киноматография басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Балаларға кішігірім сый ретінде анимациялық фильмдер көрсетіп жатырмыз. Армения мемлекетінің киноиндустрия саласында Қазақстанға қосар мәдени жағынан өте көп байланыстар бар. Армения елінен шыққан азаматтар бәрімізге танымал Сумерки, Гари Поттерді түсірген болатын. Сондықтан кино саласында оларна үйренеріміз өте көп.

Суретші Сабыр Мәмбеевтің көрмесі 

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында Қазақстанның халық суретшісі Сабыр Мәмбеевтің көрмесі өтіп жатыр. Онда негізінен шебердің портрет жанрында салынған 20-дан астам туындысы қойылған. Бірегей еңбектерді талант иесінің отбасы ел назарына ұсынып отыр. Сабыр Мәмбеев қазіргі сурет өнерінің негізін қалағандардың бірі. 50-жылдары қазақ бейнелеу өнеріне келген ол бұл салада ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасын қалдырды. Оның шығармаларында еуропалық кескіндеме мен төл қолданбалы өнер шебер үйлесім тапқан. Ал Сабыр Мәмеевтің қазақ ауылының бейнесін көрсететін "Киіз үй алдында" атты картинасының түпнұсқасы әйгілі Третяков галереясында сақтаулы тұр.

Лаура Әбілдаева, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының аға ғылыми қызметкері:

- Қазақстан бейнелеу өнеріндегі 1950 жылғы буын өкілдеріне жатады. Сол жылдары жас суретшілер сырт жерден Мәскеу, Ресей, Харьков қалаларынан арнайы білім алып келген суретшілер Қазақстан бейнелеу өнеріне өздерінің ерекше үнін қосады.  Сол суретшілердің арасында Сабыр Мәмбеев ұлттық кесіндемемен өзінің мәнерін табумен айналысқан алғашқы қазақ суретшілерің бірі. 

«Тұлғалар ізімен» көрмесі Алматы 

Осындай атаумен Алматыда Республика күніне орай сурет көрмесі ашылды. Іс-шара Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы қабырғасында ұйымдастырылған. Оған түрлі жанрда орындалған 50-ден астам картина қойылды. Бір ерекшелігі, бір-біріне ұқсамайтын бұл туындыларды кәнігі қылқалам шеберлері емес, оқу орнының студенттері салған. Мұндағы әр картинадан жас суретшілердің шеберлігімен қатар, олардың ұлтымыздың мәдениеті пен салт-дәстүріне қанық екенін көруге болады, - дейді аға буын өкілдері. Көрмеге қатысып жатқандардың бірі Аяжан Мәди. Ол өзімен бірге "Құрбылар" атты картинасын ала келіпті. Бойжеткен мұнда өзінің студенттік шақтағы достарын бейнелегенін айтады.

Аяжан Мәди, суретші:

- Менің жұмысым- құрбылар тақырыбы. Бұл жерде 5 қыз бейнеленген. Топтық портреттің жұмыс. Көбінесе кенеп пен майлы бояумен салғанды жақсы көремін. Топтық портретте көбінес әншілер, суретшілер және де актрисалар. Сол қыздарды бейнелеген едім.  

Елде «шекарасыз мәдениет» акциясы басталды

Алдағы күндері мүгедектігі бар азаматтар ойын-сауық, мәдени іс-шараларға тегін қатыса алады. Себебі елде "Шекарасыз мәдениет" акциясы басталды. Оның аясында бірінші, екінші және үшінші топ мүгедектері мен ерекше қажеттілігі бар тұрғындар үшін кез келген мәдени іс-шара тегін. Қайырымдылық акциясы тек мемлекеттік мекемелерде өтетін іс-шараларға қатысты және мұндай жеңілдік жыл соңына дейін жалғасады. Басты мақсат - қолдау мен қорғауға мұқтаж жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оларды назардан тыс қалдырмау, дейді мәдениет және ақпарат министрлігі.