Орталық Азияның 200 фильмі Еуропалық дистрибьютерлерге ұсынылды

200-ден аса орталықазиялық фильм Еуропалық дистрибьютерлерге ұсынылды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен екінші Еуразиялық кинонарығында айтылды.

Кино саласының майталмандары шақырылған шараның басты мақсаты – таспаланып жатқан отандық және шетелдік картиналарды бір арнаға тоғыстыру. Одан бөлек, бірегей сценарийлерді еуропалық продюсерлерге таныстыру. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Қазақстанда медиаөнімдерге деген сұраныс жыл санап артып келеді. Себебі елімізде ұлттық бренд қалыптасып, отандық кино танымал болып келеді.

Елена Ларионова, Eurasian Film Market халықаралық кинонарығының директоры:

- Әлемге танымал Канн кинонарығына Орталық Азия елдерінен 8 картинаның сценарийін ұсындық. Бастамаға француз елшілігі қолдау жасады. Тың жобалар француздық және халықаралық продюсерлерге көрсетілді.