«Мұхиттың мұрагерлері» жобасы дәстүрлі әнді дәріптеп жүр

Белгілі әнші Қатимолла Бердіғалиев бастаған ән саңлақтары кеше Ақжайықтан  Арқаға келіп, елордалық ағайынға әннен шашу шашты. Дәстүрлі әншілер бұл сапарын саңлақ әнші, мұхиттың мұрасын жеткізуші Ғарифолла Құрманғалиевтың 115 жылдығына орай ұйымдастырған. Мұнда Сағадат Рахметжанов, Сәуле Таудаева, Қайрат Кәкімовтер өнер көрсетті. Олар Батыс Қазақстан облысының 12 ауданын аралып шығып, енді қорытынды концертті желтоқсан айына жоспарлап отыр.  

Бауыржан Халиолла, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры:

- Күні кеше Алматыда дәл осы жоба қолға алынып концерт бердік. Жақсы қабылдады халық. Міне, бүгін табанымыз Елордаға тиді. Ғарекеңнің 115 жылдығын жыл соңына дейін дәріптеп, атап өтіп, жылдың соңында яғни желтоқсан айында Батыс Қазақстанда әншілердің қатысуымен мерейтойды қорытындылаймыз.