Өскеменде Риддер қаласының мәдениет күндері басталды
Туған жер – алтын бесігім. Шығыс Қазақстан өңірінде қайта жанданған дәстүр аясында Риддер қаласының мәдениет күндері басталды, деп хабарлайды 24kz.
Облыстық филармония ғимаратында Риддер қалалық музейінің сәндік-қолданбалы өнері мен экспонаттарының көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ келушілер Риддер қаласы өндіретін өнімдер көрмесін де тамашалай алды. Олардың ішінде облыс әкімі Ермек Көшербаев та бар. Ал 180 нен астам өнерпаз облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынды. Ұлттық және заманауи бағыттағы хореографиялық қойылымдар мен қатар эстрадалық туындылар да көрермен назарына ұсынылды.
Ерболат Ошақбаев, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:
- Туған жерге тағзым жасап, өзінің жусанын иіскеп, ауасын иіскеп, қазіргі кезде Ұлытау ансамблі бізге келіп отыр. Осы концертпен шектелмейміз. Ал ертең бізде таңғы сағат 7-ден бастап өзіміздің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Ксения Черная, қолөнерші:
- Мен шағын қалада тұрамын. Бізде тұрғын саны аз, сондықтан ісімді өрістетуге қол қысқа. Ал бүгінгі көрмеге қатысу арқылы мен көпшіліктің назарын аудара аламын.