Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың биылғы жылғы иегерлері анықталды.

Бұл туралы Мемлекет басшысының тиісті жарлығы жарияланды. Мемлекеттік сыйлыққа «Көкірегім – көне кітап» жыр кітабы үшін ақын Нұржан Светқали, «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін жазушы Құлбек Ергөбек, «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары және «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін Әлібай Бапанов пен Сәуле Бапанова және «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін, суретші Жанұзақ Мүсәпір лайықты деп танылды.