Ақтөбеде Димашқа арналған көрме ашылды

Қазақтың маңдайына біткен біртуар әнші Димаш Құдайбергенге арналған көрме туған жері Ақтөбеде ашылды. 

Ол "Дүние дидарындағы Димаш" деп аталады. Себебі мұнда талант иесінің балалық шағы ғана емес, өнерде жеткен жетістіктері қамтылған. Киген киімдері, халықаралық додаларда алған жүлделері әспеттеліп, көп назарына ұсынылып отыр.Тіпті, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйлерлері тарту еткен кәдесыйлар осында. Атақты Джеки Чанның  Димашқа берген сыйлығын да көрмеден көруге болады. Десе де экспонаттардың ішіндегі ең құнды әрі ерекше зат - ол әрине, Димаш бөленген бесік. Бұған дейін мұндай көрме елордада ұйымдастырылған болатын. Қазақтың мақтанышына айналған Димаштың өмір жолы баяндалатын көрмені өңір жұртшылығы бір ай бойы тамашалай алады. 

Светлана Айтбаева, Димаш Құдайбергеннің анасы:

- Ең алдымен мақсаты - үлгі болсын деген оймен жаслаған дүние. Димаштың жеке заттарымен қоса, белгілі тұлғалардың, мысалы, Джеки Чан, т.б атақты кісілердің бірген заттары, Димаштың костьюмдері сондай эксклюзивті дүниелер жинақталған.  Еңбектенсе, талаптанса осындай жетістіктерге жетуге болатын өсіп келе жатқан ұрпақ көрсе екен.

Атақты дирижер Гудни Эмильсон елордаға келді. Маэстро Қазақ Мемлекеттік симфониялық оркестірінің концертінде жетешілік етті. Классикалық музыка әуелеген кеш Қазақконцерт сахнасында ұйымдастырылды. Жиылған қауым Бетховин, Моцарт сынды біртуар композиторлардың мазмұнды һәм шабытқа толы шығармаларын тыңдап, биік өнердің құдіретін сезінді. Жалпы, германиялық маман біздің ұжыммен тығыз шығармашылық байланыс орнатқан. Тәжірибе алмасу бағытында шеберлік сабақтарын өткізіп жүр. Бұл кештің тағы бір ерекшелігі - көпшілік Қазақстанның "Еңбек Ері", әлемге әйгілі скрипкашы Айман Мұсаходжаеваның өнеріне куә болды. Қос бөлімнен тұратын рухани шара тыңдарманның көңілінде қалғаны анық.

Гудни Эмильсон дирижер / Германия /:

 - Мен үшін қазақ сахнасында өнер көрсету әрқашан мәртебе. Симфониялық оркестрмен он күндей дайындалып, керемет концерттік бағдрлама әзірледік. Музыканттар барлығы өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар, сондықтан өз басыма аса қиын болған жоқ. Оның үстіне, Айман Мұсаходжаева сынды сахна саңлағымен өнер көрсету - бір ғанибет.

"Қаллеки" театрында жаңа премьера

Моцарттың ұлы мұрасымен көмкерілген тағы бір туынды, "Фигароның үйленуі" атты комедияның тұсаукесері елордадағы Қалибек Қуанышбаев театры сахнасында өтті. Француз драматургі Пьер де Бомаршенің әйгілі шығармасын қазақ тіліне театр саңлағы Еркін Жуасбек тәржімалаған. ҚҰоюшы режиссері  -  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Спектакльде тапқыр қызметші Фигаро мен оның сүйіктісі Сюзаннаның үйлену тарихы баяндалады. Махаббат пен айлакерлікке толы қойылым көрерменді ерекше әсерге бөлейді. Сахна төрінде елге есімі жақсы таныс театр шеберлерімен қатар, жас актерлер өнер көрсетті. Сондай-ақ қойылымның сәтті шығуына аталмыш ұжымың симфониялық оркестрі атсалысты.

Нұрлан Жұманиязов, қоюшы режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Әр буын осындай  үлкен классикалық, музыкалық дүниемен қалай да бетпебет кездесіп, оны жеңіге тырысу керек.  Онымен таныс болыпғ неге әлемдік классика аталғанына бетпе бет ұштасуы керек. Мен бұл жерде режиссер ретінде өйлеп тұрғанмен, мұнда хормейстер бар, вокалдар бар, концертмейстер бар, балетмейстер бар. Солардың еңбегін мен ерекше атағым келеді.