Астанада 3000 бала бір мезетте «Балбырауынды» орындады
«Нағыз қазақ – домбыра». Осындай ұранмен Астанада 3 мыңнан аса бала бір мезетте «Балбырауын» күйін орындады, деп хабарлайды 24kz.
Шара «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтті. Қатысушылар домбыра үйірмелерінен сабақ алып жүрген 4 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөпірімдер. Аталған өнер шарасы Қазақстанның Гиннес рекордтары кітабына енді.