Жазушы Роза Мұқанованың түрік тіліндегі жинағы таныстырылды
Белгілі драматург-жазушы Роза Мұқанова - 60 жаста.
Мерейтойға орай елорада "Роза Мұқанова шығармашылығы: әдебиет, театр, кино" атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға еліміздің руханият саласының белді тұлғалары, жастар мен автордың оқырмандары қатысты. Сондай-ақ Түркия және Мысыр елінен әдебиетанушылар арнайы келді. Жиылған қауым Роза Қажы-ғалымқызының қазақ әдебиетіндегі айшықты орны мен қолтаңбасын талқылады. Роза Мұқанова - сөз өнерін ғана емес, театр, кино сынды салмақты салалардың дамуына көп еңбек сіңірді. Оның шығармасы желісінде қойылған спектакльдер бүгінде халықаралық додоларда үздік атанып жүр. Қаламгер әсіресе, қазақ әйелінің бейнесін танытатын шоқтығы биік шығармалар жазды. Мерейтойлық конференцияда драматургтың түрік тіліндегі жинағының тұсауы кесілді.
Шәрбану Бейсенова, жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі:
- Қазақ әдебиетіндегі жақсы қаламгер, әңгімелері психологиялық жағынан. Мына әйел адамның тағдырына қатысты жазылған көп әңгімелерінің барлығы. Өте ішкі көзқарасы берік, мінәжатшыл, сақтайды рухын.
Роза Мұқанова, жазушы-драматуг, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
- Мысыр елінен, Түркиядан, Германиядан ғалымдар келіп жатыр. Шығармашылықта ғылыми айналымға енген пъессаларыма талдау жасалады. Болашақта жасайтын жұмыс та, істелінетін іс те көп.Қызмет етуіміз керек, ұлтқа. Оқырманға.
Өмірді, өнерді шексіз сүйетін қайсар жан
Өмірді, өнерді шексіз сүйетін қайсар жан. Әнші Алтыншаш Мұқатаева жайында осылай деуге болады. Мәдениет саласының үздігі, бірнеше халықаралық байлаулардың жүлдегері Алтыншаш Мұқатаева астанада шығармашылық кешін өткізді. Қоларбаға таңылса да, ән шырқауын тоқтатпаған өжет жанның өмірге құлшынысы бәрімізге үлгі. Ол осы қалпымен қалың жұртқа шалқар шабыт сыйлап жүр. "Қазақконцерттегі" әдемі кеште көрермен Алтыншаштың сиясы кеуіп үлгермеген өлеңдеріне куә болды. Ел алдындағы есеп беру концертінде оны қолдай келген үзеңгілес әріптестері сахна төрінен табылды. Айзат Қарабек, Бауыржан Исаев, Ербол Тәжібаев сынды дәстүрлі һәм эстарадалық жанрдың жарқын өкілдері, сондай-ақ "Астана" мюзикал театрының әртістері мен "Бірлік" ән-би ансамблі өнер көрсетті. Іс-шара Мәдениет және ақпарт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Ерлан Рысқали, дәстүрлі әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
- Жалпы Атыншаш мен үшін өжеттіктің, қайрсарлықтың символы. Алтыншаштың бойында сан қырлы өнер бар. Тілге де жүйрік, ойға да жүйрік. Әншілігі бар, ептеп ән де жазады. Соның барлығын бүгінгі концертте көрсетті.
Үздік қаламгерлер анықталады
Биыл елде алғаш рет баспалар арасында "Ұлттық кітап" байқауы өтеді. Әдеби дода Ұлттық кітап күніне орайластырылған. Мақсат - қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген үздік авторларды анықтау. Жұмыстар келер жылдың 15 қаңтарынан бастап 1 сәуір аралығында қабылданады. Қаламгерлер кейінгі екі жылда жарық көрген туындыларын ұсынуы тиіс. Комикс, балаларға арналған әдебиет, мотивациялық кітап, детектив, сатира жанрындағы еңбек бас-аяғы 10 жанр бойынша үздіктер іріктеледі. Байқаудың жүлде қоры 4 млн теңге. Бұдан бөлек "Жыл кітабы" номинациясының жеңімпазына 5 млн теңге көлемінде қаржылай сый табысталады.