Римде Қазақстан мәдениетіне арналған көрме өтті

Италия астанасы Римде Қазақстанның V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу тәжірибесіне арналған көрменің тұсаукесер өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оған келушілер Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының мәдени мұраларымен танысып, олардың мәні мен маңыздылығы хақында толымды ақпарат алды. Көрменің авторы – қазақстандық студент Шыңғысхан Тағай. Оның айтуынша, аталған іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайта түсу.