Қызылорда облысы аумағынан құнды жәдігерлер табылды
Асық ату ойыны оғыз заманынан басталған.
Бұған Қызылорда облысы аумағындағы ортағасырлық Кескен-Күйік қалашығынан табылған құнды жәдігерлер дәлел. Ғалымдар қоладан құйылған екі асық тапты. Пішіні ұсақ малдың сүйегіне келеді. Бұл асық ойынының тарихы көне дәуірлерден басталғанын растай түседі, дейді мамандар. Қала орнынан табылған жәдігерлер қатарында мыс теңгелер, қоладан жасалған жебе ұшы тәріздес киім ілмектері, түрлі-түсті моншақтар бар. Оғыздардың бас қалаларының бірі Кескен-Күйікті зерттеу жұмыстары биыл да жалғасып жатыр.
Асхат Сайлау, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы:
- Зергерлік бұйымдар да бар, сол ерекше оғыздардың қолөнершілерінің, зергерлерінің жасаған керемет дүниесі. Оғыз мәдениеті, оғыз кезеңі біздің Сырдарияның бойындағы Сыр өңірі тарихы емес тек Қазақстанның тарихында үлкен кезең болды. Сондықтан бұл Күйік-Кескен қалашығы болсын, Жанкент қалашығы болсын, әрі қарай археологиялық қазба жұмыстары жалғаса береді.