Елордада Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдығына орай мәдени шаралар өтіп жатыр
Астанада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдық мерейтойына арналған мәдени шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін ақынның «Менің Фаризам» атты естелік кітабының түсаукесері өтті. Студенттермен кездесуінде шығармалары орындалды. Қазақ поэзиясының ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгереев көптеген әннің де сөзін жазған. Соңғы уақытта махаббат жырлары жинақталып, қайта басылып шықты. Түрік тіліне де аударылды. Ақынның 80 жылдық мерейтойы аясында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында «Жұбан» қойылымы сахналанады.
Ақұштап Бақтыгереева, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын:
- Жастарды көргім келді. Қайда бара жатыр екен, менің балапандарым, менің немерелерім. Поэзиядағы қарлығаш құстай келіп едім, қазір 80-ге келіп ана болып, үлкен қалам иесі деп қабылдайтын елімнің құрметіне бөленіп, осындай егемен елдің қызы болғаныма, тағдырыма ризашылығымды білдірем.