Алматыда суретші Раис Баширидің шығармашылығы насихатталды
"Айналамыздағы ғалам" атты көрме Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында өтіп жатыр.
Онда шебердің ғарыш тақырыбында салынған бірқатар еңбектері қойылған. Раис Башири өз мәнерін табу жолында түрлі жандра қалам тербеді. Сондықтан оның картиналарынан терең ізденісті байқауға болады. Кейінгі кездері суретші абстрактілі бағытты серік еткен. "Қанық түстер мен түрлі пішіндегі геометриялық бейнелер оның қолтаңбасының басты ерекшелігі", - дейді музей мамандары.
Айгүл Хайдарова, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының қызметкері:
- 50 жылдан астам өзін өнерге арнаған кісі. Соңғы жылдары абстрактілі өнерге ғашық болған кісі деп айтса да болады. Қолтаңбасының ерекшелігі, бізді қоршаған ғаламға арналған, өзінің ішкі дүниесін сыртқа шығарудың жолында деп ойлаймыз.