Түркістанда Т. Рысқұловқа арналған конференция басталды

Биыл түркі халықтарының бірлігі мен болашағы үшін бел шеше күрескен тұлға Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл.

Осыған орай Түркістанда халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтіп жатыр. «Тұрар және Түркістан идеясы» атты басқосуға тұрартанушы ғалымдармен қатар Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолиядан келген зерттеушілер қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты - түркі жұртының тұтастығы үшін бар ғұмырын сарп еткен азаматтың еңбектеріне тоқталып, оны кеңінен насихаттау, өмірбаяны мен қызметі жайлы қызықты деректермен бөлісу. Жиынға келгендердің назарына Тұрар Рысқұлов жайлы сыр шертетін фотосуреттер көрмесі де ұсынылды. «Бұл құжаттардың арасында қайраткердің өмірінен сыр шертетін соңғы жылдары табылған тың деректер де бар», дейді ұйымдастырушылар. Ғылыми отырысқа келген зиялы қауым өкілдері белгілі қоғам қайраткері жайлы кино түсіруге тұрарлық дүние көп,- деп санайды. Алайда бұл ой бірнеше жылдан бері айтылып жүргенмен, нақты іске аспай келеді.

Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы

- Үлкен ой  айтылып еді  көркем фильм шығару туралы,эпизодтық кейіпкер ретінде жүреді, бірақ Тұрар туралы 20-жылдардың қайшылықтары мен күрделі оқиғаларына байланысты үлкен тынысты көркем фильм жасауға тұрарлық деп есептейміз,екінші жағдай енді тұтас қайраткерлерге байланысты жаңа форматтағы бүгінгі жастарға түсінікті тілмен жеткізілетін анимациялық дүниелер шығару керек.